Құрметті Абай облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Абай облысының тұрғындары мен қонақтары!

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша 25 маусымда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Семей қ.: 25 маусымда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.

Найзағай бұлттары біртіндеп жақындап келеді, сондықтан оларды алдын-ала байқап, шаралар қабылдауға үлгересіз, осығын байланысты бірнеше ұсыныстар:

- егер сіз найзағай кезінде велосипедпен немесе мотоциклмен жүрсеңіз, онда сіз қозғалысты тоқтатып, көлікті тастап, одан 30 метр қашықтықта найзағайдың тоқтағанын күтуіңіз керек;

- көлік жүргізушілеріне мұндай ауа-райында жолға шықпаған жөн, егер жолда найзағай басталса, тоқтап, көліктің терезелерін жауып, күткен дұрыс;

- найзағай кезінде ашық жерде жүргендер жерге жатып, құмды немесе тасты топырақты жерді паналаған жөн, судан аулақ болу керек, өйткені ол электр тогын жақсы өткізеді және найзағай соққанда оны 100 метр радиуста таратады.

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «112» немесе «101» нөмірлеріне қоңырау шалу қажет!

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі