
ТЖД мен туристік агенттіктердің өкілдері арасында өзара тиімді ынтымақтастықты ұйымдастыру мақсатында меморандумға қол қойылды.
Меморандумға қол қоюдың нәтижесі қауіпсіз туризм мен тіршілік әрекетін қамтамасыз ету саласында озық тәжірибемен алмасу, азаматтарды адам өміріне қауіп төндіретін антропогендік және табиғи жағдайларда іс-әрекетке дайындауда бір-біріне жәрдемдесу, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруде өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уағдаластық болды.
Осы Меморандумның мақсаты қауіпсіз туризм саласындағы ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты, өзара тиімділікті дамыту және Тараптардың тіршілік әрекетінің қауіпсіздігіне бағытталған бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру, сондай-ақ практикалық және теориялық көмек көрсету болып табылады.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі