
Бүгін Абай облысының Бородулиха ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты.
Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелерімен шаруашылық ғимараттар мен жеңіл автокөлікке таралып, тұрғын үй өртеніп жатқаны анықталды.
Өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 1970 жылы туған ер адамды құтқарды.
Ер адам қазіргі уақытта Бородулиха ауылының аудандық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында.
Сондай-ақ, өрттен 27 литрден тұратын 2 газ баллоны шығарылды.
Өрт 25 минут ішінде оқшауланып, содан кейін толығымен жойылды.
Өрттің алдын ала ауданы 66 шаршы метрді құрады. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 6 адамы және 2 бірлік техника жұмылдырылды.
Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды!
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі