Құрметті Абай облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Абай облысының тұрғындары мен қонақтары!

         «Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша Абай облысында 20-24 маусым аралығында күндізгі ауа температурасының 35-39 градус қатты ыстыққа дейін көтерілуіне байланысты  жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше (5 класс ) өрт қауіпіне дейін жоғарлауы күтіледі.

         Құрғақ, ыстық ауа-райында өрттің негізгі себептері-өртті абайсыз пайдалану:

         - құрғақ шөпті жағу;

         - от жағу;

         - темекі шегу кезіндегі абайсыздық;

         -қуатты электр құрылғыларын пайдалану салдарынан электр желісінің шамадан тыс жүктелуі.

         Өзіңізді қорғау үшін қарапайым ережелерді сақтаңыз:

         - ағаш ғимараттардың, бұталардың, құрғақ шөптің жанында ашық отты пайдаланбаңыз;

         - құрғақ шөпті өртемеңіз, өрт бірден таралады, басқарылмауы мүмкін;

         - іргелес аумақты қоқыстан, құрылыс материалынан және құрғақ шөптен уақтылы тазарту;

         - тазалаудан кейін жиналған қоқыс пен құрғақ шөпті күйдірмеңіз;

         - балалармен және жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіз.

         - ешқашан балаларға сіріңке мен оттықпен ойнауға жол бермеңіз.

         Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «112» немесе «101» нөмірлеріне қоңырау шалу қажет!

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі