
Бір күн бұрын Абай облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қалалық жағажай иесімен азаматтар үшін қауіпсіз демалысты қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты кездесу өткізді.
Бұл диалог барлық жағажайға келушілер үшін қауіпсіз және жайлы демалыс аймағын құрудағы маңызды қадам болды.
Кездесудің негізгі мәселелері:
- қосымша құтқару бекеттері мен жабдықтарын орнату, судағы қауіпсіздікті жақсарту жөніндегі шараларды талқылау;
- құтқарушылардан тұратын тұрақты патрульдердің жұмысын жоспарлау;
- келушілерге судағы әрекет туралы міндетті нұсқаулықтарды енгізу.
- жағажайдың қолданыстағы инфрақұрылымын жаңғырту қажеттілігін талқылау.
- кеудешелерді, шеңберлерді және қайықтарды қоса алғанда, қажетті құтқару құралдарының болуын қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, биылғы жылы су босату көлемді болғандықтан жағажайдың жағалау аймағы су астында қалды, сондықтан жағажай толық жұмыс істемейді.
Осыған байланысты құтқарушылар шомылу аймағының жаңа шекараларын анықтау және қауіпті жерлерді белгілеу белгілеу бойынша көмек көрсетеді.
Қорытындылай келе, жағажай иесі ТЖД-мен ынтымақтасуға және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға дайын екенін білдірді. Тараптар жағажайдың жай-күйін, қоғамдық құтқару бекетін ұйымдастыру мен қоғамдық құтқарушыларды оқытуды, сондай-ақ барлық қауіпсіздік нормаларының сақталуын бірлесіп тексеру туралы уағдаласты.
Біз барлық азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырамыз. Сіздің демалысыңыз жағымды ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз болсын!
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі