Бүгін Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің базасында Төтенше жағдайлар департаменті жазғы кезеңде судағы қауіпсіздік мәселелері бойынша брифинг өткізді.
Аталған іс-шараның спикері Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары Азамат Орымбаев болды.
Өз сөзінде ол облыс аумағында (әкімдіктің 01.06.23 ж. №104 қаулысы) жаппай демалуға арналған 8 орын, оның ішінде 4 коммуналдық жағажай, Семей қаласында 2 («Заря» жағажайы және «Пристань» ауданындағы қалалық жағажай), Бесқарағай ауданында 1 орын (Шошқалы көлі), 1 орын Мақаншы ауданында (Алакөл көлі) белгіленгенін атап өтті.
Курчатов қаласында және Бородулиха ауданының Бородулиха ауылында коммуналдық жағажай ашу жұмыстары жүргізілуде.
Шомылуға тыйым салынған су объектілерінде 70 орын және шағын көлемді кемелерде жүзуге тыйым салынған 2 орын анықталған (Абай облыстық мәслихаты сессиясының 28.07.2023 жылғы № 5/35-VIII шешімі).
Департамент қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдарында кең профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Сонымен, барлығы 113 профилактикалық материал орналастырылды, оның 8-і теледидарда, 20 мақала мен жазбалар баспа басылымының беттерінде, 85 материал әлеуметтік желілердің беттерінде, соның ішінде WhatsApp-тың ата-аналық чаттарында орналастырылды. Халыққа тұрақты түрде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша СМС хабарламалар таратылып тұрады.
Облыстық телеарналарда, LED экрандарда бейнероликтер көрсетілуде, облыстың елді мекендерінде 14 банер орнатылды. Әкімдіктермен бірлесіп су айдындарында 178 тыйым салу белгісі орнатылды.
Шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында 500 - ден астам рейд жүргізілді, халықпен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, 12 мыңнан астам жадынама таратылды, 412-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке 193 мың теңге сомаға 15 адам тартылды (балаларды қараусыз қалдырған ата-аналарға 10, тыйым салынған жерлерде шомылған адамдарға 5).
Су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қайықтарда 8 құтқару патрулінің кезекшілігі ұйымдастырылды, 28 жаяу патруль (2 адамнан) қойылды.
Бекеттер, патрульдер жүзу құралдарымен, Александров ұштарымен, құтқару шеңберлерімен, жилеттермен, ысқырықтармен және дауыс зорайтқыш құралдарымен жабдықталған.
Шомылу маусымы басталғаннан бері атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, ағымдағы жылы Аягөз өзенінде 9-сынып оқушысы суға батып кетті, және де 4 адам құтқарылды.
2023 жылы шомылу маусымы кезеңінде облыстың су айдындарында 15 адам (оның ішінде 3 бала) суға батып, 13 адам құтқарылды.
Статистика көрсеткендей, судағы оқиғалар көп жағдайда адамның кінәсінен, өз күштерін қате бағалау, мас күйінде болу және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру нәтижесінде болады. Барлық адам өлімі шомылуға тыйым салынған жерлерде тіркелді.
Соңында спикер азаматтар үшін, сондай-ақ ресми шомылу орындарының иелері үшін қауіпсіздік талаптарын жеткізді.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі