Әлем кубогының жүлдегерін Абай облысында құрметпен қарсы алды

Әлем кубогының жүлдегерін Абай облысында құрметпен қарсы алды

11-17 маусым аралығында Будапешт қаласында өткен кикбоксингтен Әлем Кубогында жүлделі 3-ші орын алған "Абай облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ" РММ №6 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері , азаматтық қорғау аға сержанты Берік Қалықовты әріптестері мақтанышпен қарсы алды.

Ұжымның мақтанышы - Берік Қалықов 12 жасынан бастап кикбоксингпен айналысады.

Ол түрлі жарыстарда лайықты жеңістермен оралған жеңімпаз. Жастығына қарамастан Берік Қалықов кикбоксингтен Қазақстан Республикасының бес дүркін чемпионы. Сонымен қатар, 2018 жылғы Әлем Кубогының (Анапа) чемпионы, 2021 жылғы әлем чемпионатының (Италия) қола жүлдегері, 2023 жылғы Әлем Кубогының (Венгрия) күміс жүлдегері. Сондай-ақ, түрлі халықаралық турнирлердің жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, кикбоксингтен Қазақстан Республикасы құрамасының мүшесі.

Берік азаматтық қорғау органдарында 2016 жылдан бері қызмет атқарады, ұжымда кәсіби қызметкер ретінде сыйлы.

Департамент бастығы Манарбек Шапағатов бастаған Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы Берік Қалықовты лайықты жеңісімен құттықтап, жаңа спорттық биіктерге жете беруіне тілектестігін білдiрді.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі