
Абай облысы ТЖД-да "Синтетикалық есірткі" тақырыбында дәріс өтті.
Сабақ спикерлері Семей қаласының наркологиялық диспансері емханасының меңгерушісі Рысқұл Балтақаева және Абай облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Гаухар Еспаева болды.
Бұл іс-шараның мақсаты - жеке құрамға синтетикалық препараттардың халықтың денсаулығы мен қоғамдық қауіпсіздікке елеулі қауіп төндіретінін түсіндіру, сондай-ақ, есірткіні қолданудың салдары және олардың ашық айналымда болуының құқықтық салдары жайлы жеткізілді.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі