Абай облысында ТЖК жоспарлы отырысы өтті

Абай облысында ТЖК жоспарлы отырысы өтті

Кеңеске қалалар мен аудандардың әкімдері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Абай облысы әкімі Нұрлан Уранхаевтың төрағалығымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның жоспарлы отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес шомылу маусымында өңірдің өзендері мен көлдерінде қауіпсіз демалысты ұйымдастыру, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен көлік инфрақұрылымын 2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңге дайындау, сондай-ақ, 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері қаралды.

Отырыста Абай облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Манарбек Шапағатов баяндама жасап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын -алудың маңыздылығын атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша комиссия төрағасы шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары, тіршілікті қамтамасыз ету және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қысқы кезеңге дайындығы, сондай-ақ, ағымдағы жылдың көктемгі су тасқынын ескере отырып, 2025 жылғы су тасқыны кезеңінде тасқынның алдын-алу және дайындық мәселелеріне қатысты  іс-шаралар кешенін әзірлеу жұмыстары бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі