Абай облысы ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов АГЗ курсанттарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясының курсанттары өздерінің білім деңгейлерін көрсетіп, оқулары жайлы әңгімелеп берді, олар сонымен қатар, департаменттің қызмет тәртібі және курсанттарға қойылатын мақсат-міндеттермен танысты.
Сондай-ақ, сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды, онда курсанттар өздерін толғандыратын сұрақтарын қоюға және кәсіби мамандардан толық жауаптар алуға мүмкіндік алды. Сессия барысында қызметтің техникалық қырларынан бастап психологиялық тұрғыдағы қырларына дейінгі әртүрлі аспектілер кеңінен талқыланды.
Кездесу соңында департамент басшысы Манарбек Шапағатов жас офицерлерді оқуларының аяқталуымен құттықтап, оларға табыс пен кәсіби жетістіктер тіледі.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі