Батырларды еске алу күні!

Батырларды еске алу күні!

Абай облысының ТЖД облыста ірі орман өртін сөндіру кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерін еске алуға арналған митингіге қатысты.

Біз орманды жойқын апаттан қорғау кезінде өз өмірлерін қиған батырларды еске алдық. Кең аумақты шарпыған өрт оны жоюға қатысқандардың барлығына үлкен сынақ болды.

Митингке жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, "Семей орманы" РММ қызметкерлері, қаза болғандардың отбасы мүшелері және Абай облысының тұрғындары қатысты.

Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары Азамат Мұратов қаза тапқан орманшылар батылдық пен батырлық танытып, өз өмірлері арқылы халықты аса қауіпті жағдайдан құтқарғанын атап өтті.

Осы сөзден кейін жиналғандардың барлығы бір минут үнсіздікпен қаза тапқандарды еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.

Бұл митинг қиын сәттерде бірлік пен өзара көмектің маңыздылығын еске салды. Орманды құтқару және табиғатымызды қорғау үшін өз өмірлерін қиған батырлар есімі жүргімізде  мәңгі сақталады. Олардың батылдығы мен өз істеріне деген адалдығы бізді төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жолындағы қызметімізде  шабыттандыра түспек

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі