Абай облысы ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов салтанатты түрде ардагерге марапатты табыстады.
Қазақстан Республикасы ТЖ Министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың бұйрығымен Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күнін мерекелеуге байланысты азаматтық қорғау органдарының ардагері Өтепов Дүйсенбай Тельмұхамедұлы "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды.
Естеріңізге сала кетейік, Дүйсенбай Өтепов өзінің еңбек жолын 1978 жылдан бастап өрт күзетінде бастаған және қызметтің барлық сатыларынан өткен. 1997 жылы Семей облысының облыстық өрт күзеті байланыс қызметінің бастығы лауазымынан подполковник шенінде құрметті демалысқа шыққан
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі