Бірлік пен патриотизм!

Бірлік пен патриотизм!

Абай облысы ТЖД қызметкерлері мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық флешмобқа қатысты.

Бұл іс-шара патриотизм мен бірліктің нағыз мерекесіне айналды.

Флэшмоб аясында қызметкерлер еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің символдары болып табылатын мемлекеттік рәміздер үшін өздерінің мақтаныш сезімдерін жеткізді

Олар салтанатты түрде қатарға тұрып,  жалаушаларын ұстап, еліміщдің әнұранын орындады.

Флешмоб Абай облысының қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер, полицейлер, ардагерлер мен жастар қатысқан жарқын және есте қаларлықтай болып өтті.

Абай облысы әкімі Нұрлан Уранхаев мәдениетті сақтауға және халқымыздың бірлігі мен бірегейлігінің нышаны болып табылатын мемлекеттік рәміздерді сақтауға ерекше назар аударып, қысқаша сөз сөйледі. Ол мұндай іс-шараларға қатысу патриоттық рухты нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі