Құрметті Абай облысының тұрғындары мен қонақтары !

Құрметті Абай облысының тұрғындары мен қонақтары !

Жер сілкінісі бола қалған жағдайда халықтың іс-әрекеттерге дайындығы деңгейін арттыру, сондай-ақ, эвакуациялау ережелері және қауіпсіз орындарды зерттеу мақсатында 2024 жылғы 31 мамырда 11 сағ.00 мин. Абай облысы аумағында сейсмикалық жаттығулар өткізіледі. Шараға мемлекеттік мекемелер, өнеркәсіптік объектілер, білім беру және денсаулық сақтау мекемелері және басқа да ұйымдар қатысады.

Облыс тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және мүмкіндігінше қатысуларын өтінеміз.

 Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі