Өткен тәулікте Абай облысының құтқарушылары 2 авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді

Өткен тәулікте Абай облысының құтқарушылары 2 авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді

Ағымдағы жылдың 27 мамыры күні 07 сағ. 58 мин. "112" пультіне "Юность" шағын ауданында орналасқан көп қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде 3 жасар бала қамалып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері үш иінді баспалдақтың көмегімен 2-ші қабаттағы пәтерге терезе арқылы кіріп, есікті ішінен ашты.

Пәтерде 2021 және 2023 жылғы балалар болған.

Зардап шеккендер жоқ. Балалар ата-аналарына тапсырылды.

Екінші оқиға 6-линия көшесінде болған.

Күндіз "112" пультіне ашық жатқан құдыққа ит құлағаны жайлы хабарлама түскен

Құтқарушылар альпинистік жабдық көмегімен итті кәріз люгінен алып шығарды. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде жануар зардап шеккен жоқ.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі