
Бүгін Абай облысы ТЖД қызметкерлері мен өртке қарсы қызмет ардагерлері Ұлы Отан соғысына қатысқан азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің монументіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қойды.
Салтанатты рәсім басталар алдында Департамент бастығы Манарбек Шапағатов сарбаздардың батылдығы мен жанқиярлығын атап өтіп, олардың жеңіске жетудегі зор үлестерін айта кетті.
Ардагерлер атынан Александр Рыков сөз сөйледі, ол өз сөзінде барлық уақытта өрт сөндірушілердің батырлығын атап өтті.
Сондай-ақ, қатысушылар қаза тапқан өрт сөндірушілерге ескерткіш жасау жөніндегі бірегей идеяның бастамашылары мен орындаушылары жасаған орасан зор еңбегін атап өтті.
Бұл ескерткіш 2005 жылдың мамыр айында салтанатты түрде ашылды. Ескерткіштің құрылуына сол кезде Семей қаласының өртке қарсы қызметінің бастығы, қазір ардагер полковник Райымов Нұржан Дүйсенұлы және өрт-техникалық орталығының аға қызметкері Рыкова Наталья Владимировна үлкен үлес қосты.
Біз қаза тапқандарды еске алып, олардың қызметі мен құрбандықтары үшін алғыс білдірдік.
Олардың батырлығы әрқашан біздің жүрегімізде өмір сүрсін және Отанға қызмет ету мен қорғаудың маңыздылығын еске салсын!
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі