
Бүгін, "Таза-Қазақстан" акциясы аясында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Манарбек Шапағатов бастаған қызметкерлер №5-ші өрт сөндіру бөлімінің аумағына көшеттер отырғызды.
Акцияның мақсаты - табиғаттың экологиялық жағдайын сақтау және жақсарту, сондай-ақ, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін арттыру.
Аталған акцияға облыс аумағында аумақтық бөлімшелерден 257 қызметкеріқатысып, барлығы 370 көшет отырғызылды.
Айта кетерлігі, 30 сәуір күні ТЖДжәне "Абай облысының ТЖД ӨСжАҚЖҚ" РММ "Парктер маршы - 2024" Халықаралық табиғат қорғау акциясы аясында "Семей Орманы" МОТР аумағында көшеттер отырғызды.
Бұл іс-шараға барлығы 100-ден астам қызметкер қатысты, олар жалпы ауданы бір жарым гектарға жуықжерге 5 мың түп қарағай көшеттерін отырғызды.
Департамент қызметкерлері табиғатымызды сақтауға және болашақ ұрпақ үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосқандарын мақтан тұтады
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі