
Абай облысы ТЖД бастығы полковник Манарбек Шапағатов Абай облысы гарнизонының жеке құрамына "Абай облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ" РММ жаңа бастығын таныстырды.
Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бұл лауазымға бұрын "Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" РММ бастығының орынбасары қызметін атқарған Данияр Сәкенұлы Әлімкин тағайындалды.
Данияр Әлімкин Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының тумасы. 2008 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.
Азаматтық қорғау органдарында 2008 жылғы тамыздан бастап жұмыс атқаруда.
Қызмет еткен жылдары әртүрлі басшылық қызметтер атқарды.
Үйленген, ұлын тәрбиелуде.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі