
Құрметті Абай облысының тұрғындары мен қонақтары!
"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша 09-10 сәуірде Абай облысының батысында, оңтүстігінде, 11 сәуірде түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі.
09 сәуірде күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі.
10-11 сәуірде облыстың оңтүстігінде, батысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады.
09 сәуірде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, екпіні 23 м/с, 10-11 сәуірде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жел тұрады.
Семей қаласында күндіз 09 сәуірде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Абай облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы еске салады, атап айтқанда:
- дүрбелеңге түспеу. Өзін-өзі бақылау, сумен кесілген және көмекке мұқтаж адамдардың бар-жоғын құтқарушыларға уақтылы анықтауға мүмкіндік беретін шаралар қабылдау;
– ең жақын қауіпсіз биік орынға (ғимараттың жоғарғы қабаттары, ғимараттың төбесі) шығу және әртүрлі жүзу құралдарымен немесе жаяу ұйымдастырылған судағы эвакуацияға дайын болу керек;
- су арқылы өзін-өзі эвакуациялау үшін түрлі жүзу құралдарын (қайықтар, катерлер, бөренелерден және басқа да қалқымалы материалдардан жасалған салдар, бөшкелер, қалқандар, есіктер, ағаш қоршаулардың сынықтары, бағаналар, автомобиль камералары, пенопласт және т. б.) қолдану керек;
- далада, орманда су тасқыны кезінде сіз биік жерге шығыңыз, ағашқа көтерілу керек.
Төтенше жағдай орын алған жағдайда «112» немесе «101» номерлеріне қоңырау шалыңыз !
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі