
Абай облысы Көкпекті ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар
Көкжайық ауылында Ақсуат ауданы мен Жарма ауданы тарапынан үлкен көлемдегі судың түсуі және Көкпекті өзенінің арнасынан шығу нәтижесінде 3 шеткі көше су астында қалды.
ТЖД, ЖАО, АПБ, "Қазселденқорғау" ММ, Ұзынағаш ауылының 28237 ә/б, 68303 ә/б және жергілікті халықтың, күштерімен бөгеттің денесін нығайту үшін қапшықтар төсеу жұмыстары жүргізілді және уақытша арық арналары құрылды. Барлығы 1500-ден астам қап төселді. Қорғаныс бөгетіне түсетін судың мониторингі жүргізілуде.
Қазіргі уақытта елді мекеннен су бұрылды. Аула аумақтары мен тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.
Қардың қарқынды еруі нәтижесінде Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылын су басу қаупі туындады.
ЖАО тұрғындарды алдын ала хабардар етуді ұйымдастырды. Су басу қаупіне байланысты тұрғындар өзін-өзі эвакуациялап, туыстарына орналасты.
Еріген суды кент арқылы бұру бойынша жүргізілген инженерлік жұмыстардың арқасында, судың одан әрі таралуына жол берілмеді.
Қазіргі уақытта Шұғылбай ауылындағы су деңгейі төмендеді, аула учаскелерінің аумағынан еріген су бұрылды.
Эвакуацияланған тұрғындардың барлығы үйлеріне оралды.
Оқиға орнында ТЖД күштері мен құралдары, Семей қаласының 68303 ә/б, Ұзынағаш 28237 ә/б және ЖАО, барлығы 60 адам, 7 бірлік техника, 10 мотопомпалар және 2 жүзу құралдары жұмыс атқаруда.
Шұғылбай ауылының шеткі көшелеріне мониторинг жүргізілуде. Үйлерді су басудың алдын алу мақсатында инертті материал төселеді, сондай-ақ уақытша арық арналарын құру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеді, аула аумақтары мен тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.
Бүгін Қорғаныс министрлігінің МИ-17 бортында Көкпекті және Жарма аудандарының аумағын аэровизуалды мониторингтеу үшін облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған жұмыс тобы ұшып кетті.
Абай облысындағы су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі