2024 жылғы өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселелері жөніндегі жұмыс кеңесі

2024 жылғы өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселелері жөніндегі жұмыс кеңесі

Абай облысының ТЖ департаментінде өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Кеңес жұмысына облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков қатысты.

Кеңеске Абай облысы бойынша АОШжЖӘ басшысы, "Тарбағатай" МҰТП РММ директоры, "Семей орманы МОТР" РММ, "Қазәуеорманқорғау", ҚТЖ ҰК АҚ магистралдық желілері, "Біріккен энергосервистік Компания" АҚ, ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаменті, полиция және жергілікті атқарушы органдар өкілдері шақырылды.

Талқылаудың негізгі тақырыптары алдағы өрт қауіпті кезеңге дайындық, профилактикалық шараларды жоспарлау және барлық мүдделі қызметтердің дайындығы мен іс-қимылдарын үйлестіру болды.

Кеңес қорытындысы бойынша халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ, ықтимал төтенше жағдайларға дайындау мақсатында барлық жедел қызметтердің қатысуымен оқу-жаттығуларын өткізуді, өрттердің алдын алу шараларын күшейту қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі