Абай облысы ТЖД су тасқыны бойынша брифинг өткізді

Абай облысы ТЖД су тасқыны бойынша брифинг өткізді

Ағымдағы жылдың 26 наурыз күні өңірлік коммуникациялар қызметінің платформасында өткен брифингте спикер - Абай облысының ТЖБ бастығының орынбасары Азамат Орымбаев сөз сөйледі

Брифингте Абай облысының аумағында су тасқыны кезеңінің өту барысы талқыланды

Қазіргі таңда облыс аумағында қардың белсенді еруі, топырақтың жұмсаруы байқалады

Облыс өзендеріндегі гидрологиялық жағдай тұрақты, мұз құрсауларының әлсіреу процесі жүріп жатыр

Елді мекендерден барлығы 293 263 кубометр қар шығарылды

Тексеру жұмыстары нәтижесінде қардағы су қорының көрсеткіштері Көкпекті ауданы бойынша нормадан 27 % - ға, Аягөз ауданы бойынша 5 % - ға жоғары екені анықталды

Қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары 442 тонна ЖЖМ, 62 мыңнан астам дана қаптар және 2970 тонна инертті материалдар дайындады

Алдағы су тасқыны қауіпті кезеңге дайындық мақсатында ТЖ алдын-алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясының 6 отырысы өткізілген болатын

Семей қаласында, Бородулиха және Бесқарағай аудандарындағы Ертіс және Уба өзендерінде  мұз кептелістерін болдырмау мақсатында мұзды ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілді

Абай облысында су тасқыны бойынша жағдай нашарласа жедел әрекет ету үшін 1345 адам және 460 бірлік техника, 11 жүзу құралдары және 161 суды жинап, төгу құрылғылары дайын

Қазіргі уақытта су тасқыны жағдайы үнемі бақылауда

ТЖД қызметкерлері ЖАО-мен бірлесіп су тасқыны қауіпті учаскелерге тәулік бойы мониторинг жүргізуде

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі