
19 наурызда Жакенов Оралтай Жұмабекұлы 80 жылға толды.
Зейнеткерді мерейтойымен Абай облысы ТЖ департаментінің бастығы Манарбек Шапағатов пен Абай облысы ардагерлер кеңесі құттықтады.
Оралтай Жұмабекұлы еңбек жолын қатардағы қызметкер лауазымынан бастап, көп жылдар бойы өртке қарсы қызметтің техникалық бөлімшесін басқарып келді, азаматтық қорғау органдарында 30 жылдан астам қызмет атқарды.
Қызметтегі ерен еңбегі және жас буынды тәрбиелеудегі орасан зор үлесі үшін бірнеше рет алғыс хаттар және Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Бүгінгі күні Оралтай Жұмабекұлы жас мамандардың тәлімгері, оларды өз мамандықтарын сүюге, еңбекқор болуға және қызметке жан-тәнімен берілуге, сонымен қатар, құтқарушы мамандығы тек мамандық қана емес, ол сонымен қатар – жүрекпен қаланған мамандық екеніне тәрбиелеп келеді.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі