
Наурыз мейрамы аясында ұлттық киімдерді танымал ету мақсатында Абай облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері «Ұлттық киім күні» тақырыптық челленджіне қатысты.
Ата бабамыздан мұра болып жеткен асыл қазыналарымыздың бірі - ұлттық киім кию сән ғана емес, халқымыздың өнегелі тәлім-тәрбиесін, бай ұлттық болмысымызды насихаттау болып табылады.
Ғасырлар бойы ұлттық киім біздің халқымыздың мәдениеті мен тарихының айшықтылығын көрсетті. Мұндай іс-шараларды өткізу қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне деген қызығушылықты дамытуға, туған өлкеге деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға, еңбекке құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Челленджің аяғында Абай облысы ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларына амандық, қызметте жетістіктер тіледі.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі