Абай облысында қызметкерлерді марапаттады

Абай облысында қызметкерлерді марапаттады

Абай облысы ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов қысқы кезеңде төтенше жағдайларды жою кезінде батылдық пен кәсібилік танытқан қызметкерлерге салтанатты түрде марапаттар табыс етті.

ҚР ТЖ Министрінің бұйрығымен "Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін " төсбелгісімен Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Алексей Штыкель және Абай облысы ТЖД №2 өрт сөндіру бөлімінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Мәди Хамитов марапатталды.

Қазақстан Республикасы ТЖМ грамотасымен 18 қызметкер марапатталды. Абай облысы ТЖД бастығының атынан алғыс хаттармен 6 қызметкер  марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 16 ақпанында Көкпекті ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты 100-ден астам автокөлік қарлы тұтқында болған.

Құтқарушылардың үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында қар тұтқынан 380-ден астам адам, оның ішінде 19 бала құтқарылды.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі