
Ағымдағы жылдың 15 наурызында "Абай облысы ТЖД ӨСжАҚЖҚ" РММ акт залында әскери-дәрігерлік комиссияның төрағасы, терапевт-зерттеуші Тыныштық Аринова және облыстық ПД госпиталінің психо-физиология сарапшы-зертханашысы Жанар Өтенованың қатысуымен ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы туралы Абай облысының жалпы орта білім беру мекемелерінің 2024 жылғы түлектерімен кездесу өткізілді.
Оқушылар алдында Абай облысының ТЖ департаменті бастығының кадр және тәрбие жөніндегі орынбасары Азамат Мұратов сөз сөйлеп, жиналғандарға Академияға түсу шарттары мен тәртібі туралы айтып берді. Сонымен қатар, кездесуге шақырылған тұлғалар госпитальда әскери-дәрігерлік комиссияны өту ережелерін түсіндірді.
Естеріңізге салсақ, Академия "Өрт қауіпсіздігі", "ТЖ кезіндегі қорғау", "Азаматтық қорғау күштерінің командалық тактикалық күш", "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі" сияқты білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды. Курсанттарды оқыту республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Академияға түсуге ниет білдірген азаматтар ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында ТЖ департаментіне және тұрғылықты мекен-жайларына сәйкес департаменттің аумақтық бөлімшелеріне өтініш бере алады.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі