
2024 жылғы 13 наурызда балалар мен жасөспірімдер сарайында Абай облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері орта білім беру мекемелерінің 2024 жылғы түлектері арасында ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау Академиясына оқуға түсу бойынша кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізді. Жұмысқа қаладағы әртүрлі орта мектептерден 200-ден астам болашақ түлектер қатысты.
Оқушылар алдында Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығының кадр және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Азамат Мұратов сөз сөйлеп, жиналғандарға Академияға қабылдау шарттары мен тәртібі туралы айтып берді.
Атап айтқанда, Академия «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайларда қорғау», «Азаматтық қорғаныстың командалық-тактикалық күштер», «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі» сияқты білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлайды. Курсанттарды даярлау республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Академияға түсуге ниет білдірген азаматтар ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында төтенше жағдайлар департаментіне немесе тұрғылықты жері бойынша оның аумақтық бөлімшелеріне өтініш бере алады.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі