Ертіс өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді

Ертіс өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді

2024 жылғы 13 наурызында Семей қаласының Мирный кенті аумағындағы Ертіс өзенінің бөлігінде мұз кептелістерінің алдын-алу мақсатында "KazExploService" ЖШС мамандандырылған ұйымы 9340 шаршы метр аумақта 260 зарядты қолдана отырып, 600 кг-нан астам жарылғыш заттарымен жарылыс жұмыстарын жүргізді.

Жарылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Абай облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары, полиция департаменті, «Казселденқорғау» ААПБ,  сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар мен жедел жәрдем қызметі қосымша жұмылдырылды.

Жарылыс жұмыстарын жүргізудің басты мақсаты – Семей қаласы шегінде Ертіс өзенінде болатын мұз кептелісінің пайда болуы тәуекелін болдырмау және азайту.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі