Абай облысының Мақаншы ауданындағы жағдай бойынша ақпарат

Абай облысының Мақаншы ауданындағы жағдай бойынша ақпарат

Бүгінгі таңда Мақаншы ауданында қардың қарқынды еруі жалғасуда.

Осы жағдайға байланысты Мақаншы ауылындағы жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ департаментінің күштерімен Мақаншы ауылының шығыс бөлігіндегі Қараөзен өзеніне каналдар арқылы су бұру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Берікболов көшесінен қосымша су сорып шығару жұмыстары жүргізілуде. ТЖ департаменті жеке құрамының және жергілікті атқарушы органдардан 60 адам, 12 бірлік техника жұмыс атқарды. Су басқан аула учаскелері жоқ.

Мақаншы ауданының Бақты ауылында да жергілікті атқарушы органдардың күшімен су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 500-ден астам қап қапшықтар төселді, бөгет жағалауы бойымен 800 тоннаға жуық көлемде инертті материалмен үйілді. Бұл ретте су деңгейінің төмендеуі байқалады.

Су тасқыны жағдайы нашарлаған жағдайда мониторинг және жедел ден қою үшін жеке құрамның 5 адамы, 1 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 9 адамы және 3 бірлік техникасы жұмыс атқаруда.

Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Жағдай бақылауда.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі