
Семей қаласында жергілікті атқарушы органдар мен ТЖ департаментінің күштері мен құралдары тұрғын үйлердің аумақтарында және көшелерде қардың қарқынды еруі нәтижесінде пайда болған еріген суларды сорып шығару жұмыстарын жүргізуде.
Соңғы тәулік бойынша ТЖ департаментінің күшімен жеке сектордың аулалары аумақтарынан 4000 текше метрден астам су шығарылды. Жанатайұлы, Гоголь, Қойшыбаев, Қажымұқан, Широкая, Красин, Менжинский көшелеріндегі тұрғын үйлердің жекелеген тұрғындары су шығару бойынша көмекке мұқтаж болған. Қазіргі уақытта аталған мекен-жайлар бойынша тұрғын үйлерге еріген судан қауіп жоқ.
Сонымен қатар, 12 наурызда қардың еруі нәтижесінде Аэропортовская көшесіндегі жолдың жүру бөлігі су астында қалған, осыған байланысты аталған көшеден 6050 текше метр су көлемінде еріген суды шығару жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда аталған көшеден еріген қардың суын шығару жұмыстары жалғасуда.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі