Бүгін Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Азамат Мұратов гарнизонның барлық әйелдерін 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтады.
Азамат Мұратұлы өз сөзінде әйелдердің қоғам өмірінің барлық салаларына, соның ішінде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға қосқан баға жетпес үлесін атап өтті. Ол олардың еңбекқорлығы, кәсібилігі, жауапкершілігі мен адалдығы үшін ризашылығын білдірді.
Ерекше көзге түскен қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, атап айтқанда:
– Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің грамотасымен азаматтық қорғау капитаны Диана Бергенева марапатталды;
– Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің Алғыс хатымен азаматтық қорғау майоры Арай Жармұхаметова марапатталды;
- Азаматтық қорғау аға лейтенанты Лаура Халеловаға, азаматтық қорғау аға сержанты Валерия Кремневаға, сондай-ақ азаматтық қорғау кіші сержанты Калима Айтқазинаға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің атынан алғыс жарияланды.
Департамент бастығының алғыс хаттарымен азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды.
Бұл сәт әйелдердің еңбегін мойындаудың белгісі ғана емес, сонымен қатар олардың қоғамымыздың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлінің маңыздылығын атап өту мүмкіндігі болды.
Іс-шара соңында Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкері Ардақ Насимоллақызы Қалиеваны еңбек демалысына шығарып салды, ол 20 жылдан астам азаматтық қорғау органдарында жұмыс істеп, білікті маман ретінде жастарға үлгі бола білді. Ұжымда бедел мен құрметке ие.
Ардақ Насимуллақызы өз жұмысына адал атқарғаны үшін қала әкімінің және ТЖ департаментінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
2023 жылы "Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды.
Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы Ардақ Насимоллақызына ұзақ және бақытты өмір, сондай-ақ отбасына амандық тіледі!
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі