
Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу ережелерін түсіндіру бойынша облыстық жалпы білім беретін мектептердің оқушыларымен тұрақты негізде кездесулер өткізеді.
Кездесулердің бірін бүгін Департамент бастығы полковник Манарбек Шапағатов өткізді.
Ведомство басшысы қатысушыларға Академия және оның тарихы, курсанттардың күнделікті өмірі және олардың оқу процесі туралы айтып берді. Оқушыларды осы оқу орнына түсудің негізгі талаптары мен ережелерімен таныстырып, жағдайды дұрыс бағалау, тез шешім қабылдау, батылдық, физикалық төзімділік және тәртіп сияқты тиісті қасиеттерге ие болу қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, Бородулиха ауылы №12 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Дәулет Темірбеков және М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының 4 курс курсанты Мырза Амангелдинов сөз сөйледі.
Кездесу соңында барлық қатысушыларға оқуға түсу туралы неғұрлым толық ақпараты бар буклеттер табыс етілді.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі