
Ағымдағы жылдың 06 наурызында аудан әкімі Айдар Ибраевтың төрағалығымен төтенше жағдайлар жөніндегі Комиссиясының су тасқыны кезеңіне дайындық барысына қатысты жоспардан тыс отырысы өткізілді. Комиссия жұмысына Абай облысының ТЖ департаментінің бастығы Манарбек Шапағатов қатысты.
Күн тәртібінде көктемгі кезеңде аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тәуекелдерді азайту бойынша іс-қимыл жоспарлары қаралды.
Отырыс барысында департамент бастығы қарды шығару, су өткізгіш құбырларды тазарту, инертті материалдарды дайындау, сондай-ақ, барлық авариялық қызметтердің жұмысын күшейтуді ұсынды
Сондай-ақ, Манарбек Шапағатов төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тұрғындарға келетін ықтимал қауіптер және іс-әрекеттер ережелері бойынша күшейтілген ақпараттық жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Облыс бойынша жауын-шашын мөлшеріне қатысты жағдай жергілікті атқарушы органдар мен қызметтердің ерекше назарында болуы және дайын болулары талап етіледі
Отырыс қорытындысы бойынша барлық мүдделі органдарға тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі