Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде күштер мен құралдар топтамасы тексерілді

Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде күштер мен құралдар топтамасы тексерілді

Су тасқыны кезеңінде қауіп-қатерді азайту және жағдайдың ықтимал асқынуларына жедел ден қою мақсатында Абай облысы ТЖД бастығы полковник Манарбек Шапағатов Абай облысы гарнизонының күштері мен құралдары тобының көктемгі кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жоюға дайындығына тексеру жүргізді.

Тексеру қорытындысы бойынша, сондай-ақ алдағы су тасқыны алдында жарақтандыруды жақсарту және жоғары дайындыққа келтіру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Айта кетсек, бүгінгі таңда бірінші топ жағдайды зерттеу және осы аймақтағы су тасқыны жағдайының ықтимал асқынуының алдын алуға ден қою мақсатында Ақсуат ауданына жіберілді

Қазіргі таңда төтенше жағдайлар департаментінде жеке құрамнан жалпы саны 376 адамнан тұратын күштер мен құралдар топтамасы, 72 бірлік техника, 11 жүзу құралы және 76 су айдау құрылғылары дайын.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі