Ағымдағы жылдың 20 ақпанында Аягөз қаласының "101" пультіне, Аягөз қаласынан 35 шақырым жерде, қар құрсауында көлік тұрып қалғаны және құтқарушылардың көмегі қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті.
Құтқарушылар шақыруға жедел әрекет етіп, оқиға орнына келді. Содан кейін адамдарды шұғыл эвакуациялау шаралары қабылданды.
Қар құрсауында қалған көліктен 6 адам құтқарылды. Құтқарушылар жоғары өтімділік техникасын қолдана отырып, адамдарды Аягөз қаласына жеткізді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.
Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс қонақтары мен тұрғындарынан қыс мезгілінде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды!
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі