
Құрметті Абай облысының тұрғындарымен қонақтары
"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, 10 ақпанда Семей қаласында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, Жел оңтүстіктен, оңтүстік-бтыстан соғады, екпіні 17-22 м/с.
Ауа-райының күрт нашарлауына, атап айтқанда боран мен желдің күшейуіне байланысты Абай облысы ТЖД ұсынады:
Қаланың тұрғындарына, жел күшейгенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, қажет емес жағдайда үйден және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ескертеді.
Ауа-райының өзгеруін, облыс жолдарындағы қозғалыс шектеулерін, ТЖД ресми сайтынан және де бұқаралық ақпарат құралдарынан қадағалаңыздар.
Егер сіз үйде болсаңыз:
- балкондар мен терезе төсеніштерінен ауа ағынымен ұсталуы мүмкін заттарды алып тастаңыз;
- мүмкін электр қуатын өшіруге дайындалыңыз;
- терезелерді, есіктерді, шатыр люктерін және желдеткіштерді мықтап жабыңыз;
Көшеге шыққан кезде:
- далаға шығатын сырғанамайтын аяқ киімді дайындаңыз;
- асықпай абайлап жүріңіз.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «112» немесе «101» нөмірлеріне қоңырау шалу қажет!
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі