Құрметті Абай облысының тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті Абай облысының тұрғындары мен қонақтары!

2024 жылғы 08 ақпанда сағат 12:55-те (Астана уақыты бойынша) "Көктем-2024" РКШОЖ өткізу шеңберінде облыс аумағында электр сиреналарын және дабыл құрылғыларын іске қосу арқылы, құлақтандыру жүйесіне жоспардан тыс тексеру жүргізілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай орын алған кезде халықтың назарын аудару үшін электр сиреналар, сиреналық-сөйлеу құрылғылары немесе басқа да дабыл құралдары қосылады, ол «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді.

Осыған байланысты Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан тыныштық сақтауларын, дүрбелең тудырмауларын өтінеді !

 Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі