
2024 жылдың 8-9 ақпан аралығында Абай облысы аумағында «Көктем-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.
Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктемгі кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға дайындығын одан әрі жетілдіру және тексеру мақсатында өткізіледі.
Оқу-жаттығуды басқару штабы Семей қ., А.Қозбағаров к-сі, 38 мекен-жайы бойынша Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ғимаратында орналасады.
Оқу-жаттығуға авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдары, облыстық (қалалық, аудандық) азаматтық қорғау қызметтері тартылатын болады.
Абай облысының тұрғындарынан өткізіліп жатқан оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды сұраймыз!
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі