Семей өрт сөндірушілері көпқабатты үйдегі өртті жойды

Семей өрт сөндірушілері көпқабатты үйдегі өртті жойды

Ағымдағы жылдың 02 ақпанында сағат 18: 10-да өртке қарсы қызметке 410 квартал мекен-жайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

18 сағат 17 минутта өрт орнына келген өрт сөндірушілер балконның үй-жайында 6 шаршы метр аумағында жеке заттар, қаптамалар, терезе және есік блоктары жанғанын анықтады.

Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 18 сағат 30 минутта жойылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар бес қабатты үйден арнайы баспалдақпен 15 адамды эвакуациялады, оның ішінде 3 бала болды. Сондай-ақ, бір газ баллоны шығарылды.

Өртті жоюға жеке құрамнан 16 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.

Абай облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы еске салады!

Сақ болыңыз! Төтенше жағдай туындаған кезде "101" немесе "112" нөмірлері бойынша хабарлаңыз.

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі