Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді! Құрметті Абай облысының тұрғындары мен қонақтары!

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді! Құрметті Абай облысының тұрғындары мен қонақтары!

"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша 27 қаңтарда Абай облысының батысында, оңтүстігінде қар жауып, боран күтіледі.

Жел жылдамдығы оңтүстік, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с,  батыста, оңтүстігінде15-20 м/с құрайды, ауа температурасы түнде 10-15°С, облыстың солтүстік-шығысында 18°С, күндіз 5-10° С аяз.

28 қаңтарда қар жауады, боран күтіледі.

 Оңтүстік-батысқа оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Ауа температурасы түнде 13-18°С, кей жерлерде 21°С, күндіз 8-13°С аяз.

29 қаңтарда кей жерлерде қар жауады, боран болады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с құрайды.

Ауа температурасы түнде 13-18°С, кей жерлерде 21°С, күндіз 8-13°С аяз күтілуде.

Абай облысының ТЖ департаменті ауа-райының қолайсыздығына байланысты көлік құралдарының иелері қозғалыс кезінде барынша сақтық шараларын сақтаулары қажет екенін еске салады.

Дауыл туралы ескертулер мен жолдардың жабылуы туралы ақпарат алған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шығудан мүмкіндігінше бас тартқан жөн !

Егер жолға шығу міндетті түрде өте қажет болған жағдайда келесі ережелерді сақтауыңыз керек:

▪автокөлікте келе жатып қарлы боранды еңсерудің қажеті жоқ, мұндай жағдайда автокөлікті тоқтатып, көліктің жалюзиін толығымен жауып, қозғалтқышты радиатор жағынан көмкеріп жабу керек;

▪мүмкіндігінше, көліктің қозғалтқышы бар жағын жел екпініне қарсы жаққа қаратып қоймау керек. Оқтын-оқтын көліктен шығып, қарға көміліп қалмау үшін, түскен қардан көлігіңізді аршып отырған жөн. Себебі, қар үстінде көрініп тұрған көлікті іздестіру тобы да жылдам таба алады.

▪ автокөліктің қозғалтқышын дүркін-дүркін қыздырып отыру керек. Автокөлікті қыздыру кезінде газдың кабинаға (салонға) кіруіне жол бермеу керек. Осыған байланысты түтін құбырының аузы қармен бітеліп қалмауын қадағалаңыз.

▪егер де жолда бірнеше адам (бірнеше көлікте) қалған жағдайда, барлығы бір көлікті баспаналағаны дұрыс болады. Ондай жағдайда қалған көліктердің қозғалтқыштарындағы суды ағызып тастау керек;

▪ешбір жағдайда  автокөліктен шығып өздігіңізше жаяу кетуге болмайды: қалың қарда (боранда) бір қарағанда анық көрінетін белгілер ондаған метр жерде көзден таса болып қалуы мүмкін;

Төтенше жағдай орын алған жағдайда «112» немесе «101» номерлеріне қоңырау шалыңыз !

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі