
10 қантарда Абай облысында түнде облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман. Күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ. Оңтүстік – шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с, таңертен және күндіз 10, түнде 11 қантарда облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында,орталығында 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Семей қаласында 10 қантар күні күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 25 м/с.
Осыған байланысты Абай облысы ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарынан осы кезеңде қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды!
Сондай-ақ жедел ақпаратты Сіз "Darmen" мобильді қосымшасынан біле аласыз, ол дауыл гидрометеорологиялық құбылыстар, сейсмикалық қауіптілік қатерлері, қысқы кезеңде автомобиль жолдарының жабылуы, республиканың барлық аумағында алдын алу және басқа да іс-шаралар туралы халықты уақтылы ақпараттардыру және хабардар етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бұл қосымша ауа-райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын мектептердегі сабақтардың тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
"Darmen" мобильді қосымшасын "Play market /darmen/" және "App store /darmen/" - дан жүктеуге болады.
Жүктеп алғаннан кейін сіз өзіңіздің жеке аймағыңызды немесе қызығушылық танытатын аймақты таңдауыңыз керек және жедел ақпарат бойынша жедел хабарлама push-хабарламалар арқылы жеткізіледі
Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112" немесе "101" нөмірлеріне қоңырау шалу қажет!
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі