
15 желтоқсанда Абай облысының ТЖД ӨСжАҚЖҚ» РММ акт залында ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты шара өткізілді.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңын қабылдаған болатын. Қазақстан алғаш рет әлемдік қауымдастық мойындаған тәуелсіз мемлекет атты заңды түрде рәсімделген тұғырға шықты. Бұл тарихи жағдай – қазақ халқының сан ғасырлар аңсап келген арманының, үмітінің орасан үлкен жемісі.
Салтанатты шараның шымылдығын Абай облысының ТЖ департаменті бастығының орынбасары - кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы Азамат Мұратов құттықтауымен ашты. Ол құттықтау сөзінде: «Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет тұғырына көтерілгеніне 32 жыл болды. Қазіргі таңда бірлік пен гүлденудің символы іспеттіміз. Азаматтық қорғау органдарының әрбір қызметкері азаматтарды төтенше жағдайлардан құтқарып, жалпыұлттық құндылықтарды нығайтуға айтарлықтай өз үлесін қосуда. Алдағы уақытта да біздің жүйенің қызметкерлері халықтың қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуге және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосуды жалғастыратынына сенімдімін.
Сіздерге шын жүректен денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жемісті жұмыс және мемлекетіміздің өркендеуі жолында зор табыс тілеймін!» - деп түйіндеді.
Мерекелік шара барысында қызметте ерекше жетістіктерге жеткен бірқатар қызметкерлерге ҚР ТЖ Министрі Сырым Шәріпхановтың бұйрығымен арнайы шендер берілді, сондай-ақ ТЖМ құрмет грамоталары және марапаттау хаттары табыстады. Салтанатты шара Абай облысының ТЖД тарихи формулярын табыстау рәсімімен аяқталды.
Абай облысының ТЖД баспасөз қызметі