Абай облысының ТЖД-де қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлерге құрмет көрсетілді

Абай облысының ТЖД-де қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлерге құрмет көрсетілді
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Абай облысы ТЖД кадр қызметі "Жас қызметкерлер слеті" атты шарасын ұйымдастырды.
 
Іс-шараның мақсаты - азаматтық қорғау органдарының жаңадан қабылданған қызметкерлерінің бойында жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және жас қызметкерлердің бойында патриотизм сезімін ояту.
 
Слетке қатысушылардың алдында ТЖ департаментінің бастығы Манарбек Шапағатов сөз сөйледі. Іс-шараға өртке қарсы қызмет ардагерлері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері, "Amanat" Партиясының, діни қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ, спорт әлеміндегі атақты тұлғалар, атап айтқанда «қазақша күрес» бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Әлем кубогының» үш дүркін иегері, төртдүркін Азия чемпионы, «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңіпазы, «Әлем Барысы» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері Айбек Серікболұлы Нұғымаров және «Елімай» футбол клубы командасының капитаны Еркебұлан Сабырұлы Нұрғалиев шақырылды. Барлық қонақтар жас қызметкерлерге қолдау сөздерін жеткізді.
 
Іс-шараның ресми бөлімінен кейін қатысушылар Семей қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне, өрт–техникалық орталығының мұражайына барды, сондай-ақ "Семей қаласының өрт сөндірушілері - Ұлы Отан соғысының қатысушылары" монументінде қаза тапқандарды еске алды, жиналғандардың мерекелік шеруі "Абай: Жидебай-Бөрілі мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражайына" барумен аяқталды.
 
Іс-шарадан кейін № 5 өрт сөндіру бөлімінің базасында слетке қатысушыларды департамент психологтары ұйымдастырған жас жауынгерлерге арналған "ұжымды біріктіру" тренингі күтіп тұрды.
 
Бұдан басқа, аталған бөлімшенің аумағында слет қатысушыларына арнайы техника, газ-түтін-қорғау қызметінің жұмыс принципі көрсетілді.
Шара соңында вымпелдер мен естелік фотосуреттер рәсімі өтті.
 
 
Абай облысының ТЖД баспасөз қызметі