Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі Кеңес отырысы өтті

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі Кеңес отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Абай облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңесіне қатысты.
Кеңесте қаралған мәселелердің бірі – шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийдің қолданылу мерзімінің аяқталуы болды. Өздеріңіз білетіндей, мораторий 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.
2024 жылдың 01 қаңтарынан бастап Республика бойынша кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеу саясаты енгізіледі, "Smart Data Ukimet" ақпараттық жүйесі базасында мемлекеттік бақылауды автоматтандыруды енгізу жүзеге асырылады.
Жаңа реттеуші саясат бизнес-ахуалды жақсартуға, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әкімшілік кедергілерді азайтуға және бақылаушы органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруға бағытталғанын атап өткен жөн.
 
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі