2023 жылғы 23-24 қараша аралығында Абай облысының барлық аудандары мен қалаларында "Қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау" тақырыбында "Қыс-2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы тақырыбында өткізіледі.
Оқу-жаттығудың мақсаты: табиғи және техногендік сипаттағы азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру болып табылады.
🔹23 қарашада Абай облысы ТЖ департаментінің дағдарыс орталығында оқулар штабы орналастырылды. Штабта шұғыл топтар мен қызмет бастықтарының баяндамалары тыңдалады.
Облыс орталығының аумағында өткізілген оқу-жаттығуларға АҚМЖ басқару органдары, ТЖД құрылымдық аумақтық бөлімшелері, ЖАО, Семей қаласының ПБ, әскери бөлімдер тартылды және 40-қа жуық түрлі арнайы техника жұмылдырылды.
2023 жылғы 23 қарашада "Спартак" стадионының аумағында азаматтық қорғау қызметтері мен шұғыл ден қоюдың жиынтық жасағы сапта тұру рәсімін өткізді.
Сол күні, "Теплокоммунэнерго" МКК ЖЭО-1 базасында ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізілді.
Аталған оқу-жаттығуға 65 адамнан тұратын жеке құрамы бар шұғыл әрекет ету жиынтық жасағының және авариялық қызмет, 17 түрлі техника жұмылдырылды.
Шартты апатты жою бойынша іс-қимылдарды тәжірибелік пысықтау және авариялық қызметтердің өзара іс-қимылы сәтті аяқталды.
Сонымен қатар, оқу-жаттығу аясында электросиреналарды іске қосу арқылы құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді. Бұл іс-шара халықты "Баршаның назарына !» құлақтандырудың біріңғай дабылына назар аударуға үйрету мақсатында өткізілді.