2023 жылдың 23 қарашасында Семей қаласы, Гагарин к-сі, 168 "В" мекен-жайында орналасқан "Спартак" стадионы аумағында «Қыс-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында Азаматтық қорғау және шұғыл әрекет жиынтық жасағы қызметтерінің сапқа тұру рәсімі өткізіледі.
Шараның мақсаты - қыс мезгілінде туындауы ықтимал төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесі басқару органдарының күштері мен құралдарының іс-қимылға әзірлік деңгейін арттыру.
Оқу-жаттығуларды басқару штабы Семей қаласы, Қозбағарова к-сі, 38 мекен-жайында орналасқан Абай облысының ТЖД ғимаратында орналастырылады.
Баяндалғанға сәйкес, Абай облысының ТЖД Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарын оқу-жаттығулардың өткізілуіне түсінікпен қарауларын өтінеді.