Құтқарушылар қарияға көмек көрсетті

Құтқарушылар қарияға  көмек көрсетті

Өткен түнде болған  жойқын жел тек қала инфрақұрылымына  ғана емес, сондай-ақ тұрғын үй секторына да зиян келтірді.  Мәселен, 19 қарашада қатты соққан желден Семей қаласының тұрғыны, жалғыз басты қарияның үйінің төбесі мен  мұржасы бұзылды. Мұржа  өз бетінше жөндей  алмаған қарт әйел көмек алу үшін құтқару қызметіне жүгінді.  

"Абай облысы Төтенже жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі " РММ құтқарушылары дереу көмекке келді. Өйкені, пеш жаққанда егде жастағы адамның денсаулығына зиян келуі мүмкін еді..

Оқиға орнына келген құтқарушылар жұмыстың ауқымын анықтап, дереу түтін мұржасын қалпына келтіруге кірісті.  Қызметкерлердің жұдырықтай жұмыла  жасаған әрекеттерінің нәтижесінде мұржа әп-сәтте  ауыстырылып, орнатылды.

Құтқарушылардың жауапкершілігі  мен кәсібилігі риза болған әже  олардың  көмегі  үшін алғысын білдірді.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Абай облысының ТЖД жылыту пештерінің жарамдылығы мен мұржаларды дер уағында күйеден тазартып отыруларыңызды сұрайды.   

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!  Күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!