
2023 жылдың 08 қарашасы Абай облысы ТЖД өрт сөндірушілері теміржол көлігінде жаттығулар өткізді.
Аңыз бойынша, вагондардың жолдан шығып бензинмен химиялық қышқыл төгілген.
Апат туралы станцияның пойыз құрастырушысы хабарлап, есінен танып қалады.
Оған химиялық қорғаныс костюмдерін киген өрт сөндірушілер көмекке келіп, ер адамды қауіпті аймақтан шығарып, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды. Дәрігерлер медициналық шаралар кешенін жүргізіп, оны ауруханаға жеткізді.
Нысан әкімшілігі мен қызметкерлері ТЖ, Өрт сөндіру бөлімдерін қарсы алып, қалыптасқан жағдай туралы баяндады, сондай-ақ өрт сөндіру пойызының келуін ұйымдастырды.
Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды. Оқу-жаттығу орнында төтенше жағдайды жою штабы құрылды.
Жедел штаб пен жеке құрамның келісілген іс-қимылдары барысында төтенше жағдай жойылды.
Апатты жою бойынша іс-қимылдарды пысықтауға Абай облысы ТЖД-нен 12 адам жеке құрамны және 3 бірлік техника, 2 өрт пойызы жұмылдырылды.