Жармадағы «ЖАТАҚХАНА» жедел алдын-алу шарасының барысы

Жармадағы «ЖАТАҚХАНА» жедел алдын-алу шарасының барысы
 
Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Жатақхана» жедел алдын алу -шарасы аясында Жарма ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері және еріктілермен бірлесіп, Қалбатау ауылы мен Шар қаласында орналасқан жатақханаларда рейдік жұмыстар жүргізді.
Аталған шара барысында жатақханалардағы өрттер мен апаттардың алдын алу мақсатында жатақхана тұрғындары арасында жиын өткізіп, өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіріп берді.
Сонымен қатар, жатақхана әкімшілігімен «дөңгелек стол» отырысын өткізіп, оларға тиесілі жатақханалардағы өртке қарсы шаралардың орындалу барысын талқылады.
Кездесу соңында тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы үгіт-насихат материалдары таратылды.