
Абай облысы аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Жатақхана» жедел-профилактикалық шаралары өткізілуде
ҚР ТЖ вице-министрі және ҚР Ішкі Істер министрі орынбасарының «Жатақхана» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу туралы 2023 жылғы 01 қарашадабекіткен жоспарына сәйкес жатақханалар мен хостелдерде (оның ішінде осы қызметке арнайы жабдықталған тұрғын үйлер мен коттедждер) өрт қауіпсіздігі сласындағы талаптардың сақталуын тексеру мақсатында республика аумағында 13-17 қараша аралығында «Жатақхана» жедел-профилактикалық шаралары өткізіледі.
Шараларға мүдделі мемлекеттік органдар (ЖАО – келісім бойынша, ішкі істер органдары), ұйымдар («Атамекен» кәсіпкерлердің өңірлік палатасы, еріктілер ұйымдары, БАҚ) қатыстырылады.
Аталған жоспарға сәйкес, 2023 ж. 15 қарашасында Семей қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері Семей қаласы ПБ бірлесіп, Семей қаласының «Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі » ММ және «Лидеры KZ» еріктілер ұйымының қатысуымен қала аумағындағы жатақханалар өкілдерімен кездесу өткізді.
Шара барысында жатақханалардағы өрт қауіпсіздігіне қатысты жадынамалар таратылды, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары бойынша семинар өткізілді.
Осындай іс-шаралар облыстың барлық аудандарында жүргізілуде.
Алдағы күндері жедел-профилактикалық шара аясында жатақханалар мен хостелдер (оның ішінде осы қызметке арнайы жабдықталған тұрғын үйлер мен коттедждер) тұрғындарымен жиындар және өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша әлеуметтік сауалнамалар өткізу, сонымен қатар, жатақханалар мен хостелдер иелерінің (оның ішінде осы қызметке арнайы жабдықталған тұрғын үйлер мен коттедждер) қатысуымен «дөңгелек стол» отырысын өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифингтер өткізілетін болады.
Жедел-профилактикалық шаралар қортындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың атына жатақханалар мен хостелдердің (оның ішінде осы қызметке арнайы жабдықталған тұрғын үйлер мен коттедждер) өрт қауіпсіздігі жағдайы туралы және жайларды жалға беру бойынша тіркелемей қызмет жасайтын азаматтар (кәсіпкерлер) бойынша ақпараттар жолданады.
#АбайоблысыныңТЖД